Ректорлық грант

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының 1 курс студенті – Жанисов Санжарға кәсіби спортта көрсеткен жоғары жетістіктері үшін ректорлық білім гранты тағайындалды.

Санжар Сапарбекұлы ХХХІ Қысқы Универсиаданың шорт-трек бойынша күміс жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасы үшін үздік нәтиже көрсетті. Болашақ жаттықтырушы-педагог спортпен 11 жасынан бастап айналысады, спорттық мансабын Астана қаласында бастады. Жастар арасындағы Әлем чемпионатында 4-ші орынды иеленді. 2017 жылы Чехия мен Польшада қазақстандық наградалардың қоржынына күміс алып келді, ал 2018 жылы Венгрияда 1 орынды жеңіп алды. 2022 жылы спорттағы еңбегі үшін Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.

 

Сотрудничество