Менің мамандығым – менің саналы таңдауым

2023 жылдың 25-28 ақпан аралығында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттер арасында «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: Болашақ мамандардың жеке және кәсіби өзін – өзі анықтау жағдайын жасау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу болып табылады.

Байқауға 15 студент өз эсселерін өздері қалаған тілде жазып ұсынды. Тексерушілерге эссе жазушының аты жасырылып, кодпен берілді.

Әрбір эссе антиплагиаттан өтті. Байқаудан ұпайы жоғары, антиплагиат нәтижесінде бірегейлігі жоғары болған 4 жеңімпаз анықталды:

1-орынды INS 2201 тобының студенті Жиксенов Темірлан,  

2-орынды INS 2202 тобының студенті Алимкулов Габит,  

3-орынды TR 2205 тобының студенті Шүкірәлі Мағжан,

3-орынды TR2201-03 тобының студенті Тәңірберген Ырысбек иеленді.  

Жеңімпаз студенттер дипломмен марапатталды. 

 

Сотрудничество