Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында “Харассмент қазіргі қоғам мәселесі ретінде: анықтау мен қорғану жолдары” атты психологиялық семинар өтті. Бұл жиында академияның профессор- оқытушылар құрамы зорлық- зомбылық пен қудалауға қарсы күрес және қауіпсіз орта құру туралы тереңірек мағлұмат алды. Семинар барысында Психологиялық қолдау орталығының психологы Р.Е. Тильмагамбетова академиядағы харрасментке төзбеушілік саясатын түсіндіріп, осы бағыттағы іс- шаралар мен қағидалар туралы баяндама жасады. Бұл семинар академияның оқу- тәрбие үдерісінде зорлық- зомбылық пен харрасментті алдын алу, сондай - ақ қауіпсіз орта құру мақсатында маңызды тәжірибелік үлес қосты.