ПОЛЬШАНЫҢ КУЯВСКО-ПОМОР ВОЕВОДСТВОСЫНА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ
ПОЛЬШАНЫҢ КУЯВСКО-ПОМОР ВОЕВОДСТВОСЫНА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ САПАРЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы делегациясының Польшадағы Куявско-Помор воеводствосының басшылығымен ресми кездесуі өтті. Делегацияны воевод Михаэль Кониух және білім мен спорт мәселелері жөніндегі кеңесші Лукаш Мацейяк қабылдады.

Делегация құрамына Executive MBA «Sport Management» бағдарламасының тыңдаушылары, соның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Социалұлы, облыстық спорт басқармаларының басшылары, спорт федерацияларының, ұйымдары мен мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері кірді. Делегация жалпы саны – 37 адам.

Ресми сапар барысында Қазақстандағы спорттық білім беру жүйесін дамыту және спорт саласын трансформациялау мәселелері талқыланды.

Тараптар білім беру, кадрлар даярлау, тәжірибе алмасу және спорт пен жастар саясаты салаларында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сотрудничество