Хабарландыру!

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурсты өткізу туралы


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2024» конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурстың I кезеңі – ЖОО ішінде, 2024 жылдың 1-11 қараша   аралығында өтеді.

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506.

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім  министрлігінің Ақпараттық жүйесі арқылы келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді https://universitycontest2024.iac.kz:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

      4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

         Үміткерлер ЖОО ішіндегі конкурстың нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтижелер жарияланған күні апелляцияға береді.

Сотрудничество