2022 жылдың 16 қараша күні "Нутрициология: тамақтанудың маңыздылығы(спортшы студенттерге арналған ұсыныстар)" тақырыбындағы тренингі болды.
Тренингтің мақсаты: Академия студенттеріне дұрыс тамақтану туралы жалпы түсінік беріп, салауатты диета құрылуы және диетаның адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, спортшы студенттерге пайдалы ұсыныстар беру.
Тренингті анатомия пәнінің оқытушысы Сайлаубек Елжас жүргізді. Қонақ ретінде диетолог, нутрицолог Рахимова Камилла шақырылды. Кездесуге осы тақырыпқа қызығушылық танытқан 40 студент қатысты.