Наурыз мейрамы қарсаңында танымал қазақстандық атлет Ильин Илья Александрович APEMS-ке келді.

Наурыз мейрамы қарсаңында танымал қазақстандық атлет Ильин Илья Александрович APEMS-ке келді. Студенттермен кездесу барысында Илья Александрович ауыр атлетикадағы өзінің алғашқы жеңістерінен Олимпиадалық биіктерге дейінгі жолы туралы айтып, табысты спортшының негізгі маңызды қасиеттерін және күнделікті өмірдегі тайм-менеджменттің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат барысында Илья Александрович спорттық мансаптан кейінгі өмір қалай жалғасатынын және бірқатар ауқымды және әсерлі спорттық жобалардың және Илья Ильин атындағы білім академиясының негізін қалаушы Илья Ильин болу нені білдіретінін айтты. Илья Александровичтің қазіргі кәсіби қызметінің маңызды қыры – ол дене шынықтыру және спорт саласындағы PhD дәрежесіне ие бола отырып, ауыр атлетика тәжірибесіне ғылыми негізделген әдістерді табысты енгізіп, өз туған спорт түрін дамыту мен танымал етуді жалғастыруда. Біз Илья Александровичке танымдық жауаптары, құнды ұсыныстары және тамаша эмоциялар үшін алғыс айтамыз.

Сотрудничество