Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының 1 курс студенттері Алуа Есжанова, Мұхаммед Асанов, Ілияс Мадинов және Елболсын Серғалиев конкурстық іріктеуден өтіп, қазір Польшаның Жешув университетінде білім алуда. Жешув университеті Польшаның оңтүстік-шығысындағы ең ірі оқу орны болып табылады, ол 61 халықаралық жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты тұрақты негізде дамытады. Жешув университеті APEMS студенттерін алғашқы күндерінен бастап жылы қарсы алып, қала бойынша экскурсиялар мен әртүрлі елдердің студенттерімен алмасу үшін бағдарланған кездесулер ұйымдастырды.