MNU-да «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде Академиялық адалдықты ілгерілету» атты форум өтті

2024 жылғы 9 желтоқсанда Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде академиялық адалдықты ілгерілету мәселелеріне арналған форум өтті. Форумға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, білім саласының сарапшылары, оқытушылар және студенттер қатысты.

Академиялық адалдықтың маңыздылығы, заманауи білім беру стандарттарына сәйкестендіру және білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, академиялық адалдықты нығайтуға бағытталған жаңа тәсілдер мен озық тәжірибелер қарастырылды.

Форумға Академиямыздың атынан декан Кенжин Жақсат Болатович пен Әлеуметтік-тәрбие департаментінің директоры Қаратай Шыңғыс Балтабекұлы қатысты. Олар білім беру жүйесінде академиялық адалдықты сақтау және нығайтуға бағытталған жаңа идеялар мен әдістемелерді зерделеп, тәжірибе алмасты.

Форум қорытындысы бойынша білім беру сапасын жақсартуға және академиялық адалдықты күшейтуге бағытталған ұсыныстар жасалды.

 

Сотрудничество