Meeting Without Ties. Modelling the Future of Sports: Leadership, Psychology, and AI

16 қазанда Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, "Meeting Without Ties" интерактивті іс-шарасын өткізді. Бұл шара спорт саласындағы жоғары және орта буын менеджерлері мен басшылары үшін тәжірибе алмасудың ерекше алаңына айналды.

Тақырып: MODELLING THE FUTURE OF SPORTS: LEADERSHIP, PSYCHOLOGY, AND AI

Іс-шарада отандық және шетелдік сарапшылар көшбасшылық, басқару психологиясы және спорттағы жасанды интеллекттің рөліне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Спорттық менеджменттің болашағы, жаңа трендтер және спорт индустриясының дамуын айқындайтын заманауи технологияларға ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар:

- ҚР Туризм және спорт министрлігі 

- Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 

- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Жасанды интеллект және инновациялар дамыту комитеті 

- ATOS халықаралық компаниясы – Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындардың басты IT серіктесі, цифрлық технологиялар, бұлттық шешімдер, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы көшбасшы 

- Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 

- Отандық және шетелдік сарапшылар 

  - WSG университетінің президенті (Быдгощ, Польша) және Олимпиада кеңесінің мүшесі – doc. Krzysztof Sikora

- Спорт федерациялары мен қауымдастықтарының директорлары 

- "BOLASHAK" Халықаралық бағдарламалар орталығы 

- Елшіліктер өкілдері

Бұл іс-шара спорт ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуда және ұлттық және халықаралық деңгейде спорт менеджментіне инновацияларды енгізуде маңызды қадам болды.

Сотрудничество