Алғыс айту күні

Алғыс айту күні – көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн. Мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын символы.

Осы айтулы күнде APEMS студенттері «Ұстаздарға мың алғыс!» акциясын өткізді. Акция барысында әрбір оқытушыға арнайы жасалған ашық хаттары мен тәттілерін сыйлап, өз алғыстарын білдірді.

Баршаңызды елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз! Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.

 

Сотрудничество