Қымбатты APEMS студенттері, ұжымы! Баршаларыңызды көрісу мерекесімен құттықтаймыз!

Көрісу – ең ізгі мерекелердің бірі. Бұл күні жақын-туыстар бір бірін іздеп, қонаққа барып, жаңа жылдың келуімен құттықтайды. Әсіресе, қариясы бар үйлерге жастар, балалары сәлем бере барады. Қыстан аман-есен шығып, жаңа жылда бас қосқан жұрт өзара ақ ниеттерін жаудырады. Осы мерекеге орай «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деген тілектер жиі айтылады.

Сотрудничество