ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

2025 жылғы 2 тамызда Польшадағы Ян Чохральский атындағы Куяво-Помор ғылыми және технологиялық орталығы (Торунь қ.), Қазақстанның Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (Астана қ.) және Польшадағы WSG университеті (Быдгощ қ.) халықаралық саларалық ғылыми-инновациялық ынтымақтастық туралы ниет хатына қол қойды. 

Бұл келісім инновациялық жүйені дамытуға, ғылым мен технологияны спорт саласына енгізуге және ғылыми-технологиялық прогресті жеделдетуге бағытталған. 

Ынтымақтастық келесі бағыттарды қамтиды: 

- Генетикалық бейімділікті анықтау арқылы спорт түрін тиімді таңдау 

- Жасушалық деңгейде қалпына келу және тамақтану жүйелерін жетілдіру 

- Жеке генетикалық ерекшеліктерге бейімделген жаттығу бағдарламаларын әзірлеу 

- Ғылым мен технологияны спорт менеджменті мен жаттықтыру жүйесіне интеграциялау 

Келісім аясында бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, инновациялық зертханалар құру және білім алмасу бағдарламалары жүзеге асырылмақ. Бұл қадам халықаралық деңгейде спорт ғылымының дамуына серпін беріп, елдер арасындағы ғылыми көпірді нығайтады. 

Сотрудничество