Қазақстанда алғаш рет «Спорттық реабилитация» мамандығы ашылды!

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы елімізде алғаш рет «Спорттық реабилитация» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын іске қосты. Бұл жаңа бағыт спорттық медицина, қалпына келтіру жаттығулары және спортшылардың функционалдық жағдайын жақсарту салаларында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Академияның бұл бастамасы Қазақстандағы спорттық медицина мен қалпына келтіру саласының дамуына үлкен серпін беріп, болашақ мамандардың кәсіби деңгейде даярлануына мүмкіндік туғызады.

Сотрудничество