Бұл жаңашыл бастама Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жаңа оқу бағдарламасы болашақ киберспортшылар мен жаттықтырушыларды жүйелі әрі терең біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған бастама еліміздегі киберспорт индустриясының дамуына тың серпін беріп, бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби деңгейде даярлауға мүмкіндік береді.
Киберспортқа қызығушылық танытқан жастар үшін бұл — үлкен мүмкіндік. Академияда ашылған жаңа мамандық олардың өз армандарын жүзеге асырып, халықаралық деңгейдегі кәсіби маман болуына нақты жол ашады.