Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне

2024 жылғы 12 шілдеде сағат 09:30-да EMBA Sport Management APEMS бағдарламасының тыңдаушылары үшін Олимпиада ойындарының негізгі IT серіктесі – халықаралық ATOS компаниясымен практикалық сабақ өтеді. ATOS цифрлық трансформация саласындағы халықаралық көшбасшы болып табылады, IT инфрақұрылымды басқару, IT жүйелерін интеграциялау, аутсорсинг және IT кеңес беру қызметтерін ұсынады. Көптеген жылдар бойы Atos Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жаһандық IT серіктесі болып келеді.

ATOS компаниясының өкілдігі Польшада, Быдгощ қаласында орналасқан. Практикалық сабақ онлайн-режимде трансляцияланады.

Сіздерді спорттық іс-шараларды халықаралық деңгейде ұйымдастыру және басқару саласындағы жаңа технологиялар мен тәсілдер туралы өзекті және құнды ақпарат алу үшін трансляцияға қосылуға шақырамыз.

 

Сотрудничество