Қазақстан Республикасы Футбол федерациясында EMBA Sport Management екі дипломдық бағдарламасының таныстырылымы өтті. Бағдарлама Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS) және еуропалық жоғары оқу орны – Éklore School of Management (Франция) серіктестігімен жүзеге асырылады.
Éklore School of Management – спорттық бизнес пен басқару саласындағы жетекші еуропалық университеттердің бірі.
Федерацияның Бас хатшысы - Лория Давид Григорьевич бүгін спорттағы стратегиялық менеджмент пен кәсіби көшбасшылар мен басқарушыларды даярлау аса өзекті екенін атап өтті.
EMBA Sport Management бағдарламасы спорт саласын трансформациялауға, халықаралық құзыреттерді дамытуға және жұмыстан қол үзбей еуропалық диплом алуға көмектеседі - бұл спорт мамандары үшін бірегей мүмкіндік.