«Қазақстан халқына» қоры гранттар бөлді APEMS-те оқыту

2024-2025 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (Қор) «Қазақстан халқына» ҚҚ Білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына күндізгі оқуға 9 білім беру грантын бөлді.

Білім беру грантын ізденушілер Қазақстан Республикасының келесі санаттағы азаматтары бола алады:

1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;

2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) мүгедектігі бар азаматтар;

4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

6) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін құжаттар университеттердің қабылдау комиссияларына 10-17 тамыз аралығында тапсырылады.

 

30.07.24 1 30.07.24

Сотрудничество