20-22 ақпан аралығында Қостанай және Лисаковск қалаларында RITA жобасы аясында алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстары және кәсіби бағдар беру бойынша кездесулер өтті. Іс-шараны Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының өкілдері Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
20 ақпан, Қостанай:
- Владимир Матвиенко атындағы олимпиадалық резервтегі БЖСМ жаттықтырушы-оқытушылары
- Қостанай қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушылары
- Қостанай облысы мен аудан мектептері мен университеттерінің дене шынықтыру мұғалімдері және жаттықтырушылары
21 ақпан, Лисаковск:
- Лисаковск қалалық БЖСМ жаттықтырушы-оқытушылары мен нұсқаушылары
- Қала мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері
22 ақпан, Қостанай:
- Қостанай облысының «КУДО» федерациясының жаттықтырушы-оқытушылары мен нұсқаушылары
ERC BLS Instructor Нигметов Канат 150 қатысушыға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйретті. Қатысушылар төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін, жүрек-өкпе реанимациясын (CPR) және жарақат алған кездегі көмек көрсету әдістерін меңгерді.
Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру кездесулері өткізілді. Мұғалімдер мен жаттықтырушылар біліктілікті арттыру мүмкіндіктері, Академияның білім беру бағдарламалары және кәсіби даму перспективалары туралы ақпарат алды. Бұл іс-шаралар мамандардың біліктілігін арттыруға және өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.