Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант
Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант

2025 жылғы 10–20 қазан аралығында Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктантты ұйымдастыру тұжырымдамасын іске асыру аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында қаржылық қауіпсіздікке арналған диктанттар ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — жаппай ағартушылық формат арқылы Қазақстан Республикасы халқының қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында академия студенттерінің басым бөлігі белсенді қатысып, қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік мәселелеріне жоғары қызығушылық танытты. Диктант сұрақтары интернеттегі қаржылық қауіпсіздікке қатысты өзекті тақырыптарды қамтыды, атап айтқанда: фишинг пен алаяқтық, дропперлік, дербес деректерді қорғау, банк өнімдері және оларға байланысты тәуекелдер, қаржы пирамидалары, инвестициялар, кредит беру мен қарыздық міндеттемелер, сондай-ақ кең таралған алаяқтық схемалар.

Сотрудничество