Қонақ дәрісі аясында профессор Хегге студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамына Спорттық медицина кафедрасының жұмыстарын таныстырды. Кафедра пульмонология саласында және спорттың адам организміне әсерін зерттеулермен айналысады. Студенттерге Норвегия медицина мектебінің оқу бағдарламалары ұсынылды.
Студенттер мен оқытушылар зерттеулер тақырыбы бойынша сұрақтар қойды. Профессор студенттердің белсенділігін және пульмонология саласындағы ізденістерін атап өтті.