Шетелдік тағылымдаманың алғашқы күні Prof. Alexander Skaliy IV буын университеттерінің заманауи спорттағы рөлі туралы дәріс оқыды (WSG мысалында).
Университеттер тек білім беру орны емес, сонымен қатар спорт, ғылым және халықаралық әріптестікті дамытуға үлес қосатын инновациялық орталықтар. Қатысушылар Польшаның спорттық кадр даярлау жүйесімен, ғылыми зерттеулермен және халықаралық байланыс үлгілерімен танысты.
Дәріс барысында қазіргі университеттердің трансформациялық миссиясы, спорттық инфрақұрылымды дамытудағы рөлі және академиялық ортамен қатар кәсіби спортты қолдау бағыттары кеңінен талқыланды. Тыңдаушылар үшін бұл кездесу жоғары білім беру саласының спорт индустриясымен ықпалдасуының нақты мысалдарын көруге мүмкіндік берді.