17.02.2025. күні «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясындағы» «Сoworking» алаңында Оксфорд университетінің кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге заман талабына сай ағылшын тілін тез меңгерудегі түрлі оқулықтар, сөздіктер, оқу-әдістемелік құралдар мен шетелдік жазушылардың көркем әдебиеттері қойылды.
Іс-шара аясында кітап көрмесіне «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының» ректоры Болатбек Асылбекұлы Дукетаев қатысып, көрмеге қатысушыларды игі шарамен құттықтай келіп, мәдени жұмыстың рухани өрістеуіне сәттілік тіледі.
Академияның департамент қызметкерлері мен сеньор - лектор оқытушылар және барлық топ білімалушылары көрмені қызыға қарасып, өздеріне қажетті кітаптар сатып алды.
Кітап көрмесінің мақсаты: Білімалушылар үшін ағылшын тіліндегі көркем кітаптар мен оқулықтарды оқуға еш кедергісіз қолжеткізу. Кітап оқуғаынтасын оятуға талпындыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Кітап - адам мен адамды ғана емес, үлкен өркениеттерді жақындастырады.
Екі жақты шара өткізу арқылы, білімалушылардың бетін кітапқа бұруға септігіміз тиеді деген ойдамыз.