«Ғылым және спорт: инновациялар, басқару және денсаулық» форумы – жаңа идеялар алаңы
«Ғылым және спорт: инновациялар, басқару және денсаулық» форумы – жаңа идеялар алаңы

2025 жылдың 15 қарашасында Астана қаласында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (APEMS) ұйымдастыруымен «Ғылым және спорт: инновациялар, басқару және денсаулық» атты республикалық форум өтті.
Іс-шараға спорт, ғылым және білім саласының жетекші өкілдері, ғалымдар, менеджерлер мен жас зерттеушілер қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – ғылым мен спортты ұштастыра отырып, инновациялық технологияларды дамыту, дене шынықтыру мен спорт жүйесін жаңғыртудың тиімді жолдарын қарастыру және ұлттық спорт саласын әлемдік білім кеңістігімен интеграциялау болды.

Форум жұмысына ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы, жоғары оқу орындары мен спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде спорт менеджменті, спорттық медицина, инновациялық оқыту, цифрлық технологиялар мен ғылыми зерттеулерді тәжірибеге енгізу мәселелері қаралды.

Форум аясында:

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен APEMS жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің презентациясы ұсынылды;

PhD Innovative Sports Management және DBA Corporate Governance & Leadership жаңа білім беру бағдарламалары таныстырылды;

APEMS және Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;

студенттерге арналған шағын инновациялық гранттар байқауы өткізіліп, үздік жобалар марапатталды.

Форум еліміздің спорт және ғылым саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, спорт менеджменті мен инновациялық дамудың жаңа серпінін қалыптастырды.

 

 

Сотрудничество