Ғылым қызметкерлері күніне орай Академия ректоры Бақытжан Құрманбайұлы Саркеев профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу «APEMS оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметі: өзекті мәселелер және шешу жолдары» тақырыбындағы панельдік пікірталас форматында ұйымдастырылды.
Кездесудің салтанатты бөлігінде білім мен ғылымға қосқан үлестері үшін бірқатар оқытушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық марапаттары табыс етілді. Құрмет грамотасымен ӘГПД сеньор-лекторы Д.С. Смағұлов, Алғыс хатпен ӘГПД сеньор-лекторы, философия докторы (PhD) К.Б. Касымова, ӘГПД сеньор-лекторы К.У. Нигметов, СжКД директоры Д.Н. Әзербаев, СжКД сеньор-лекторы А.А. Абильтаева, сеньор-лектор А.Е. Егинбаева марапатталды.
Scopus және Web of Science мәліметтер базасына кіретін рейтингтік ғылыми басылымдардағы жоғары жарияланымдық белсенділігі үшін философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Ж.Б. Кенжинге 500 000 теңге және экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.М. Балкибаеваға 150 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды.