Грэпплинг күресінен Қазақстан Чемпионаты

2023 жылдың 21-22 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен Грэпплинг және Грэпплинг Ги күресінен жастар арасындағы Қазақстан Чемпионатынан 3 студентіміз жүлдемен оралды:

-  62 кг салмақта Қазтаев Бекзат 1 орын алып, Спорт шеберін атағын орындады;

-  77 кг салмақта Халидолла Темірлан 1 орын алып, Спорт шебері атағын орындады;

-  66 кг салмақта Бақытқалиев Аслан 2 орын алды.

Жүлделі қайтқан 3 студентіміз Польша елінің Варшава қаласында өтетін Әлем Чемпионатына жолдама алды.

Қазтаев Бекзатты, Халидолла Темірлан мен Бақытқалиев Асланды лайықты марапаттарымен құттықтап, халықаралық аренада спортта табыстарды тілейміз!

 

Сотрудничество