Emba Sport Management бағдарламасының сеньор-лекторы Асель Аяпова өз авторлық кітаптарын бағдарлама тыңдаушыларына табыстады

Асель Аяпова – МАИН Академигі, Fortune 500 (АҚШ) компанияларында жұмыс тәжірибесі бар топ-менеджер, ментор және меценат. Білімі: MBA, Duke University, The Fuqua School of Business; Күрделі жобаларды басқару бойынша магистр, George Washington University.

EMBA Sport Management бағдарламасы аясында APEMS Business Academy-де Асель Аяпова келесі курстарды жүргізеді:

  • Қаржыландыру тарту және ресурстарды мобилизациялау
  • Спорт индустриясындағы бизнес-зерттеулер

Халықаралық компанияларда корпоративтік басқару саласындағы бірегей тәжірибесінің арқасында лектор бағдарлама тыңдаушыларына терең білім ғана емес, сонымен қатар кәсіби дамуға арналған практикалық құралдарды да ұсына білді.

Сонымен қатар, Асель Аяпова EMBA Sport Management бағдарламасының тыңдаушыларына өзінің авторлық кітаптарын табыстады:

  • «Карьера как проект» (орыс тілінде)
  • «Өз мансабың - маңызды жоба» (қазақ тілінде).

Асель Алибековнаға EMBA Sport Management бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі мен қатысушыларға көрсеткен құнды қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Болашақта да ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенеміз!

 

 

Сотрудничество