Астанада EMBA SPORT & WELLNESS FORUM 2025 форумы өтті. Форумды Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Форум аясында EMBA «Leadership in Sport Medicine & Wellness» атты жаңа білім беру бағдарламасының ресми таныстырылымы өтті. Бағдарлама Польша, Бельгия және Франциядағы халықаралық стратегиялық серіктестермен, оның ішінде EKLORE School of Management университетімен бірлесіп әзірленген.
Бағдарлама спорттық медицина, қалпына келтіру, салауатты өмір салты және wellness бағыттары бойынша жаңа буын басқарушыларын даярлауға бағытталған. Бұл – Қазақстан мен әлемде қарқынды дамып келе жатқан салалар үшін аса өзекті бастама.
EMBA «Leadership in Sport Medicine & Wellness» бағдарламасы келесі жетекші профильдік мекемелермен тығыз әріптестікте жүзеге асырылады:
- Ұлттық спорт медицинасы және оңалту орталығы;
- Академик Н.Д. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы;
- IVP Clinic – инновациялық медицина және қалпына келтіру клиникасы.