ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ: EMBA SPORT MANAGEMENT БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ ТҮЛЕК ШЫҒАРЫМЫ

2025 жылғы 28 маусымда Астанада EMBA SPORT & WELLNESS FORUM 2025 форумы өтті. Форумды Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Шара Executive MBA (EMBA) Sport Management бағдарламасының үшінші түлек шығарылымына орайластырылды. Аталған бағдарлама халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып келеді және еліміздің спорт саласындағы жетекші білім беру платформасына айналды.

Салтанатты диплом тапсыру рәсімін Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары – Руслан Амангельдинұлы Серғазин жүргізіп, түлектерді оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтап, олардың спорттық менеджментті дамытуға қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

Бүгінгі таңда EMBA Sport Management бағдарламасы бойынша 200-ден астам спорт ұйымдарының басшылары, жоғары санатты жаттықтырушылар, федерация директорлары мен мемлекеттік құрылымдардың мамандары білім алуда. 2025 жылғы түлек шығарылымы – өз мекемелерінде заманауи басқару тәсілдерін сәтті енгізіп жатқан білікті мамандарды қамтиды.

 

Сотрудничество