ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ EMBA ALUMNI ЖЕЛІСІНІҢ МҮШЕСІ АТАНДЫ

Астанада EMBA SPORT & WELLNESS FORUM 2025 форумы өтті. Форумды Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы ұйымдастырды. Интерактивті іс-шара Қазақстандағы спорт саласы үшін басқарушыларды даярлауға бағытталған алғашқы бағдарлама - EMBA Sport Management бойынша үшінші түлек шығарылымына арналды.

Түлектерге іскерлік әкімшілік магистрі (EMBA) дипломы, халықаралық спорт құқығы және басқару бойынша микро-біліктілік сертификаты және Еуропалық қайта даярлау сертификаты табысталды.

Диплом табыстау рәсімінен кейін түлектер ресми түрде APEMS EMBA Alumni Network - елдің әр аймағындағы спорт саласындағы басқарушы мамандарды біріктіретін кәсіби қауымдастыққа қабылданды және желінің фирмалық төсбелгісі салтанатты түрде табысталды.

Желі төрағасы – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі. Бұл бағдарлама мен түлектердің салалық дамуға қосып жатқан стратегиялық үлесін айқындайды.

 

Сотрудничество