Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының Корея спорттық ғылымы институтымен ынтымақтастығы

2024 жылдың 13 қазанында Академияда ЮНЕСКО бағдарламасы аясында Корея спорттық ғылымы институты ғалымдарының жаһандық дәрістер курсын өткізу үшін Астана қаласына келген Корея спорттық ғылымы институты ғалымдарының салтанатты кездесуі өтті. Ғалымдар делегациясын KISS президенті, доктор Song Kanyoung басқарды. Қонақтар қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен танысып, қазақ тағамдарының дәмін татты. Академия студенттері мен оқытушылары ұлттық спорт түрлерінен, домбыра тартудан, би билеуден тұратын мәдени бағдарлама дайындады.

Корея спорттық ғылымы институты корей спортының болашағын айқындайтын мемлекеттік кешенді зерттеу ұйымы болып табылады. KISS Корея Республикасындағы ғылыми хаб рөлін атқарады. KISS ауқымды сараптамалық базаға ие бола отырып, спорт саясаты, спорт индустриясы, жастар спорты, сондай-ақ жоғары білікті спортшыларды дайындау сияқты салалары бойынша зерттеулер жүргізеді. ЮНЕСКО кафедрасының төрағасы ретінде KISS ғалымдары дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға арналған халықаралық деңгейде тәжірибе мен білім алмасу мақсатында дене шынықтыру және спорт саласында жаһандық дәрістер, семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Корея спорттық ғылымы институтымен ынтымақтастық орнатқан алғашқы Қазақстандық бейіндік жоғары оқу орны болды және осы сапар Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының ғылымын, білімін және спортын дамыту үшін Академия мен KISS арасында ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық орнатудың бастамасы болады деп үміттенеміз.

Сотрудничество