ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ АКАДЕМИЯСЫ SPORT EMBA TALKS ФОРУМЫН ӨТКІЗДІ

2025 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында APEMS Business Academy және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Sport EMBA Talks форумы өтті. Іс-шара Executive MBA (EMBA) Sport Management бағдарламасының екінші ағымының түлектеріне арналған диплом табыстау рәсіміне орай ұйымдастырылды.

Форум спорт саласындағы басшылардың басқарушылық құзыретін дамытуға бағытталған EMBA бағдарламасының маңызды қорытынды кезеңі ретінде өтті. Оған мемлекеттік органдар, спорт федерациялары, сондай-ақ APEMS тыңдаушылары мен түлектері қатысты.Sport EMBA Talks кәсіби бизнес-білімнің маңыздылығын айқындап, спорт менеджменті саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға жол ашты.

Сотрудничество

Loading...