Бүгін Академиялық мәселелер жөніндегі проректор, профессор Турсынзада Куангалиева “Футбол және білім: Заманауи цифрлық технологиялар” атты ғылыми-практикалық конференцияда “Цифрлық технологияларды спорттық білім беру бағдарламаларына интеграциялау” тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол спорт саласындағы цифрландырудың негізгі аспектілеріне тоқталды: білім беру үдерісіне IT-шешімдерді енгізу; жаңа буын мамандарын даярлауда Академияның бірегей тәжірибесі; әлемдік жетекші университеттердің цифрлық технологияларды спорттық білімге интеграциялау тәжірибесін талдау. Профессор Турсынзада Куангалиева сондай-ақ Академияның білім беру бағдарламаларына спорттық аналитика мен деректерді басқару бойынша курстар енгізілгенін атап өтті. Мұндай тәсіл спорттың дәстүрлі және цифрлық аспектілерінің синергиясын қамтамасыз етіп, қазіргі заманғы индустрияға қажетті мамандарды даярлауға ықпал етеді.