Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы 2025 жылғы 19-20 мамыр аралығында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) халықаралық бағдарламалық аккредиттеу рәсімінің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аккредиттеу шеңберінде IQAA сарапшылары Академияның келесі білім беру бағдарламаларына сыртқы бағалау жүргізеді:
• 6B01405 Дене шынықтыру мұғалімі және спорт түрлерінен жаттықтырушы
• 6B01402 Дене шынықтыру мұғалімі мен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша нұсқаушы-әдіскерді даярлау
• 7M04101 Cпорт менеджменті
Бұл процесс білім беру бағдарламаларының сапасын растауға, халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге және Академия түлектерінің ұлттық әрі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.