Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Ризабек Айтмұхан Әлем чемпионы атанды.

Еркін күрестен Ұлттық құраманың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының (U23) ақтық сынында көзге түсіп алтыннан алқа тақты.

Финалда студентіміз Махди Мұхарамәли Морафамен (Иран) алтынды сарапқа салды.

Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.

Сотрудничество