Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы мен Кореяның спорт ғылымы институты (KISS) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «Жазғы мектеп» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы мен Кореяның спорт ғылымы институты (KISS) арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бұл қадам дене шынықтыру, спорт және спорт ғылымы салаларында ғылыми-білім беру ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Тараптар бірлескен жобаларды дамыту, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу бағдарламалары мен мамандардың біліктілігін арттыру бағытында жұмыс істеуге уағдаласты.

KISS — спорт саласындағы жетекші ғылыми хаб әрі ЮНЕСКО кафедрасы мәртебесіне ие мекеме. Академиямен орнатылған әріптестік халықаралық тәжірибелер мен инновациялық әдістерді педагог кадрларды даярлау жүйесіне енгізуге жол ашады.

Бұл меморандум — Қазақстандағы дене тәрбиесі жүйесін заманауи ғылыми деңгейде дамыту мен халықаралық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам

 

Сотрудничество