Академиямыздың ТР 2302-3 тобының студенті Сұлтан Қожахметов
Түркиядағы ХХ қысқы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Қожахметов Сұлтан осы жарыста Қазақстан туын көтерді. Есту қабілеті нашар спортшылар арасындағы қысқы ойындар 2-12 наурыз аралығында Эрзурум қаласында өтті, онда әлемнің 36 елінен мыңға жуық спортшы қатысты.
Қысқы Сурдолимпиада ойындарының ашылуында ел туын көтеру құрметіне шахматтан әлем чемпионатының қола медалінің иегері Сұлтан Қожахметовке
@kozhakhmetov_chess берілді.
Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ермахан Сағиұлы Ибрайымов туды спортшыға тапсырды. Қазақстан командасы 3 орынға ие болды!!!