Академиялық этика: оқу үдерісіндегі қарым-қатынас ережелері

📅 2025 жылдың 14 наурызы күні Академияда профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге арналған «Академиялық этика: оқу үдерісіндегі қарым-қатынас ережелері» атты семинар өтті.

🔹 Семинарға Академияның барлық профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқу үдерісінде академиялық этика қағидаларын сақтау, білім беру ортасында тиімді қарым-қатынас орнату және жастармен жұмыс істеудің негізгі ұстанымдарын талқылау.

📌 Семинар барысында:

✅ Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің директоры Қаратай Шыңғыс «Академиялық этика және жастар саясаты» тақырыбында дәріс оқыды. Ол академиялық этиканың маңыздылығын, білім беру процесіндегі оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынас принциптерін және жастар саясатының негізгі бағыттарын түсіндірді.

✅ Психологиялық орталықтың психологы Тильмаганбетова Рита «Оқытушы мен студент арасындағы этикалық қарым- қатынас: психологиялық аспектілері» тақырыбында дәріс өткізді. Ол академиялық ортадағы психологиялық аспектілерге, оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың этикалық нормаларына, сондай-ақ психологиялық қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында қатысушылар академиялық этика қағидалары туралы өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл семинар профессор-оқытушылар құрамына оқу үдерісінде кәсіби этика нормаларын сақтауға және студенттермен өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

 

Сотрудничество