Академияда Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Аязов Нұрғали Нүрсейітұлының қатысуымен «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті.

Дәріс барысында студенттерге қаржы алаяқтығының кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары және цифрлық кеңістікте қауіпсіздік ережелері туралы маңызды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың салдары мен банктік, электрондық қызметтерді пайдалану кезінде сақтық шаралары кеңінен түсіндірілді.

Кездесу студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, сұрақ-жауап форматында жалғасты. Мұндай іс-шаралар жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, құқықтық түсінігін кеңейтуде маңызды рөл атқарады.

 

Сотрудничество