Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының спорт шеберлерімен кездесу барысында жазғы Дүниежүзілік Универсиада бағдарламасымен таныстыру жұмыстары өтті.Бұл кездесу спортшылар мен жастарға Универсиада туралы толық ақпарат беріп, оларға әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі.
Бағдарламадағы спорт түрлері: Универсиадада дәстүрлі түрде 15-ке жуық спорт түрі ұсынылады, мысалы: жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, жүзу, дзюдо, күрес, ескек есу және т.б. Спортшылар үшін өздерінің қарым-қабілеттерін көрсетуге және халықаралық аренада тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік.
Кездесу спортшылардың жаңа мүмкіндіктерді түсініп, жазғы Дүниежүзілік Универсиадаға қатысу үшін қажетті мотивация мен ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл шара қатысушылардың болашақта әлемдік деңгейде өнер көрсетуге деген сенімін нығайтады.