Бүгін Қытайдың Хух-Хото қаласында Belt and Road Initiative бастамасына арналған «Білім, зерттеу және индустрия» атты халықаралық конференция аясында ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық келісімге қол қойылды.
Бұл келісімге келесі жоғары оқу орындары серіктес болды:
🇨🇳 Ішкі Моңғолия технологиялық университеті (Қытай)
🇲🇾 Малайя университеті (Малайзия)
🇮🇩 Бравиджая университеті (Индонезия)
Келісімнің негізгі мақсаты – болашақ зерттеушілер мен жас таланттарды бірлесіп даярлау, академиялық ұтқырлықты кеңейту, сондай-ақ спорт пен білім саласында ғылыми жобалар мен инновацияларды дамыту.
Бұл құжат – жай ғана ресми келісім емес, университетіміз тарихындағы жаңа белес. Біз халықаралық әріптестікті нығайтып, студенттерімізге жаңа мүмкіндіктер ашамыз және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінің дамуына өз үлесімізді қосамыз.