«Білім беруді цифрландыру: жаңа жағдайлар, жаңа мүмкіндіктер»

2023 жылдың 11 қаңтарында білім беру саласында цифрландыру құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында «Білім беруді цифрландыру: жаңа жағдайлар, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында APEMS-те методикалық семинар өтті.

Семинар барысында білім беру жүйесінің алдына қойылған стратегиялық міндеттерге қатысты негізгі мәселелер: цифрлық трансформация, білім беруді цифрландыру, цифрлық трансформация дәуіріндегі білім берудегі заманауи үрдістер қарастырылды.

Семинарға APEMS-тің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілік жүйенің қызметкерлері қатысып, өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Сотрудничество