Azerbaijan Sport Academy-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды 17 желтоқсанда Azerbaijan Sports Academy өкілдерімен кездесу барысында бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін негіз болатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды: оқушылар мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық; дене шынықтыру және спорт саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу; халықаралық іс-шаралар мен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру.