Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында ирандық Азарпира Амиралиге 0:5 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Жарыс жолында отандасымыз ширек финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовты 12:2, ал жартылай финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен айқын жеңді














