ATOS atos және Қазақстан: спортты цифрландыруда стратегиялық әріптестікті құру

ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы ұйымдастырған MEETING WITHOUT TIES іс-шарасында, ATOS GDC PL өкілі Slawomir Kulikowski ATOS-тың қызметі туралы презентацияны ұсынды. ATOS - Олимпияда және Паралимпияда ойындарының жетекші IT-партнері және цифрлық технологиялар, бұлтты шешімдер, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшы. Ол компанияның негізгі жобалары мен серіктестіктерін атап өтті.

Презентация барысында Atos GDC Poland TF BL басшысы Damian Kaczor-дың бейне-хабарламасы көрсетілді. Atos басшысы қатысушыларды қарсы алып, компанияның Қазақстанмен, соның ішінде Туризм және спорт министрлігімен және спорт федерацияларымен ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

ATOS-пен жұмыс істеуді бастаған Қазақстанның алғашқы спорт ұйымы ҚР Джиу-джитсу федерациясы. Федерацияның қоғамдық байланыстар және цифрлық даму жөніндегі вице-президент - Ернат Сембаев APEMS-тің EMBA SPORT MANAGEMENT бағдарламасының тыңдарманы ретінде шетелдік тағылымдама барысында ATOS-пен байланыс орнатып, кейін жасанды интеллект негізінде бірлескен жобаны бастады. Әріптестерімізге одан әрі ынтымақтастықта сәттілік тілейміз!

Алдағы уақытта серіктестікті жалғастыру және Қазақстандағы спорт саласын цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Сотрудничество