Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылдың 22 қаңтарда Астана қаласының дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясы және Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірлесіп, облыстың мектеп түлектері мен колледж түлектері үшін дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясына түсу шарттары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырып, өткізді. Жұмыс барысында Академия қызметкерлері ҰБТ және шығармашылық емтихандарды тапсыру бойынша негізгі талаптарды жеткізді, заманауи материалдық-техникалық базамен және инфрақұрылыммен, спорттық білім беруді оқытудың инновациялық әдістерімен және білім беру бағдарламаларымен таныстырды.

Сотрудничество