Кәсіби-бағдар жұмысы

Алматы қаласының Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің талантты білім алушыларына арнайы кәсіби-бағдар жұмысы өткізілді. Кездесу барысында Академияның өкілдері елордалық жоғары оқу орнына қызығушылық танытқан жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, APEMS-тің дарынды студенттерінің қатарына қосылуға шақырды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта екі мекеменің арасында тиімді байланысты одан әрі дамыту мақсатында кәсіби-бағдар жұмыстары, кәсіби практиканы ұйымдастыру шаралары және біріккен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру бағыттарын қамтитын ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Сотрудничество