APEMS өкілдерінің Алматы қ. іс-сапары тиімді, әрі нәтижелі өтіп жатыр. Атап айтқанда, APEMS өкілдері Республикалық спорт колледжінің түлектерімен кәсіби-бағдар жұмысын өткізе отырып, спорт саласында сапалы жоғары білім алудың маңыздылығы мен APEMS-ке оқуға түсудің талаптары жайлы пайдалы ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында Республикалық спорт колледжі директорының м.а. – Сыдықов Нұрбол Тұрарұлы және APEMS-тің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры – Кулбаев Айбол Тиналович жоғары сынып оқушыларымен профильдік дайындықты дамыту және студенттердің кәсіби қызметті сатылы үздіксіз меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында колледж бен APEMS арасында ынтымақтастық меморандумына қолдарын қойды.