APEMS-тегі Наурыз: дәстүрлер мен мерекелік атмосфера

Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында APEMS студенттері мен оқытушылары Qazaq kuresi Ассоциациясымен бірлесіп, ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлады!

Мерекелік іс-шараға арнайылап дәстүрлі киіз үйлер құрылды. Студенттер мен оқытушылар беташар, бесікке салу, тұсау кесу, арқан тарту – ұлттық салт-дәстүрлерге арналған қойылымарын ұсынды.

Мерекелік шарада ұлттық тағамдарға толы дастархан басында игі тілектер айтылып, әндер шырқалды, би биленіп, күй тартылды

Дәстүрлі элементтермен безендірілген киіз үйлер және ұлттық киім киген іс-шара қатысушылары бүгінгі күнге ерекше мерекелік атмосфера сыйлады.

Сотрудничество