2024 ж. 19 мамырында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында оқытушылар мен студенттерге арналған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша даярлық курсының 1-ші күні өтті. Бұл оқу-жаттығу жиындары Қауіпсіздік және Құтқару бойынша Поляк-Қазақ білім беру орталығының аясында жүзеге асырылып жатыр.
Польшадан келген нұсқаушы-әдіскерлер (Быдгощ қ. Спорт және дене шынықтыру институты, Еуропалық спорт және құтқару қауымдастығы, Польша реанимация кеңесі, BLS, BIC) Академияның оқытушылары мен студенттеріне дайындық курсын өткізіп жатыр. Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушылар бағалы білім мен дағдыларды игереді және оларға халықаралық дәрежедегі сертификаттар табысталады:
- FI нұсқаушы курсы бойынша (Full Instructor);
- FI ERC еуропалық нұсқаушы сертификаты.